Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Опасыздықты жек көрем": Димаш Әділет болашақ жары туралы айтты

Опубликовано:

Сымбатты, табысты, IQ деңгейі бойынша әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне кіретін Instagram жұлдызы Димаш Әділет өзі және қыздарға деген көзқарасы жайында бар шындықты айтып берді деп жазады cosmo.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бойы 180 сантиметр, ал салмағы 72 келі Димаштың сүйікті түстері қою сұр және қою қызыл түстер екен.

Арулардың арманы болған жігіттің ең ұзақ қызбен кездескені үш айға созылыпты.

"Қыздар биік өкше кисе және өздеріне сенімді болса, бұл оларды өте сексуалды етеді", - дейді сері жігіт.

Қазіргі таңда бозбала екі жоғарғы оқу орнын тәмәмдапты. Бір жылдан кейін үшіншісін аяқтайды екен.

"Мамандығым бойынша қаржыгер және психологпын. 13 жасымнан психологиямен әуестенемін", - деді Димаш.

Димаш ағылшын, орыс, француз тілдерінде еркін сөйлейді. Негізгі тілі ағылшын тілі екен. Бала кезінен осы тілде сөйлеп, ғылыми жұмыстарын да осы тілде жазған.

Болашақта қазақ, испан және қытай тілдерін үйренбекші.

Тән саулығына аса мән беретін Димаш сегіз жыл бойы спортпен шұғылданыпты.

Ол 14 жасында тау шаңғы спорты бойынша Швецарияның ұлттық жарысына қатысып, нұсқаушы болу үшін нормативтер тапсырған.

Желі жұлдызына айналған жігіт соңғы рет қызбен ресми қарым-қатынаста үш жыл бұрын болған екен.

"Бойдақ болғандықтан басқа қыздармен кездесе беруіме болады деп ойлаймын. Осылайша біз қыздарды түсінуді үйренеміз. Бірақ мен шын көңілмен қызды ұнатсам, басқалар туралы ойлай алмаймын. Ешқашан көзге шөп салған емеспін, өмірімде опасыздыққа орын жоқ", - деді Димаш ағынан жарылып.

"Қыз таңдауда ұлтына мән бермеймін. Ең бастысы арамызда байланыс болуы керек. Әр ұлтта әдемі қыздар бар, әрбір қыз өзінше сұлу"
"Болашақ жарым - ең бақытты әйел болады. Солай болуы үшін барымды саламын", - дейді сері жігіт.

Қарым-қатынас құруы үшін әлеуметтік желілер кедергі келтіретін болса, олардан бас тарта алатынын айтқан Димаш тек қана қызғаныш сезімі ғана келеңсіз жайттарға апаратынын баса айтып өтті.

"Мен опасыздықты жек көремін, сондықтан менің Instagram парақшам қиындық тудыра қоймас" - деп ойын қорытындылады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758460-opasyzdykty-zek-krem-dimas-dilet-bolasak-zary-turaly-ajtty/

pixel