Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдер дәретханасынан насыбай қалдықтарын тапқан шымкенттік тұрғын жағасын ұстады

Опубликовано:

Шымкенттегі мейрамханалардың біріндегі әйелдер әжетханасынан насыбай қалдықтары табылған. Бұл жаға ұстатарлық жағдайды отырарлық азамат мәлімдеген деп жазады "Замана" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: gomel.today
Көрнекі фото: gomel.today: UGC

Шымкент тұрғыны бұл жағдайға қатты таң қалғанын айтып, аруларға насыбайдың зияны көп екенін түсіндіруді сұраған.

"Болашақ ана деп жүрген аруларымыздың кейбірі енді арақ, темекі, калянды  ысырып қойып, насыбай атуға көшкен бе?", - деген ол.

Сондай-ақ, азамат қыздарға айтар сөзі жоқ екенін жеткізіп, аталармен жарысып насыбай ататын аруларға түзу жол көрсетуді өтінген.

Көрнекі фото: Animales Imagenes
Көрнекі фото: Animales Imagenes: UGC

Жалпы насыбай ату темекі шегуден бірнеше есе зиян. Ол тек тәуелділікті тудырып қана қоймай, қатерлі ісік пен созылмалы ауруларды тудыруға әкеледі.

Құрамында қи болғандықтан, ол ішек инфекциялары мен паразиттерді жұқтырады. Көбінесе насыбай ататын адамдар вирусты геппатитке шалдығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758780-jelder-drethanasynan-nasybaj-kaldyktaryn-tapkan-symkenttik-trgyn-zagasyn-stady/

pixel