RU

Тақия киіп, сақал қойған ер адам тойда бидің түбін түсірді

Тойда барын салып билеп жүрген ер адамның видеосы желіге таралып кетті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видеодан басында тақиясы бар жігіт ағасының биін тамашалауға болады.

Алайда кейбір оқырмандар оның бұл өнеріне оң баға бермеген.

"Молданың билегені ұят қой енді", "Ерсі көрінеді екен", "Мына қылығы дұрыс емес қой" деп оқырмандар өз наразылықтарын білдірді.

Ал видеодағы азаматты танитын таныстары оның асаба екенін де айтып қалды.

"Бұл кісінің қалай той жүргізгенін көрсеңіз, өз ойыңызды өзгертер едіңіз", "Жақсы асаба", "Ішімдік ішпеген, тойда көңілді жүруге болатын шығар" деді оны жақтаған желі қолданушылары.

Айта кетейік, кейбір желі қолданушылары видеодағы азаматтың Маңғыстау өңіріне танымал асаба екенін де жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758811-takia-kiip-sakal-kojgan-er-adam-tojda-bidi-tbin-tsirdi/