Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші мегаполис атанған Шымкенттің ең кедей ауданы жайлы не білеміз?

Жарияланған күні:

Еліміздің үшінші мегаполисі атанған Шымкенттің мәртебесі өскен соң, қалалықтар жақсылықтан ниетті. Әсіресе, шымқаланың назардан тыс қалып қойған, тасадағы шағынаудандарының тұрғындары. Осы орайда NUR.KZ тілшісі қаланың ең кедей ауданы атанып кеткен мекенге бас сұғып, халықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қалалықтар арасында "Балка" немесе "Зеленая балка" атанып кеткен елдімекенге ат басын бұрсаңыз мегаполис емес, айдалада ұмыт қалған өркениеттен көш қалған көріністерге тап боласыз.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мұнда кейбір үйлерге кірсеңіз, қорқынышты фильмдерді ешқандай арнайы эффектілерсіз-ақ түсіре беруге болатындай..

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Екі қабатты үйлердің біріне бас сұғып қарап шықтық. Мұнда адамдар өмір сүреді дегенге сену қиын. Қараңғы, аңғал-саңғал, терезесі сынып, қабырғасы сетінеп, төбесі құлауға шақ қалған дәліз, подъезге кіргеннен қолқаңды қабатын жайлаған жағымсыз иіс...

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Кіргеннен денең дір етіп, қорқынышқа бой алдырасыз. Қос қабаттағы барлық пәтер тұрғынына ортақ әжетхана, оның да есігі жоқ, тек "перде" тұтып қойған. Бір-екі бөлмені паналаған отбасылар...

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Көпшілігі бөлме үшін ақша төлеп жалға алған. Кемінде әрқайсысы 15-20 мың теңге төлеп отыр екен. Есігін ашып бізбен тілдескенімен жүзін көрсеткісі келмеген тұрғындар осы баспанасынан да айырылып қаламыз ба деп қорқады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Уақытша тұрып жатырмыз" деген тұрғындар 7-8 жылдан бері екі бөлмені жалдап отырғанын айтады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндағы үйлердің басым бөлігі жалға беріледі. Газбен жылытылатын үйді 20 мыңға, көмір жағып, кәдімгі пешпен жылытылатын үйлерді 12-15 мың теңгеге жалға ала алуға болады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал үйлердің сиқын суреттер "сөйлеп", айтып тұр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Өзімнің төрт балам бар. Күн көру үшін базарға майда-шүйде сатамын. Қалтам көтермегендіктен, 12 мың теңгеге үй жалдап, отын жағамын", - дейді жергілікті тұрғынның бірі.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Зеленая Балка", қазіргі атауы "Көксай" елді мекенінде тұратын ер адамдардың дені - табылған жұмысқа жегіледі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Дәлірегі, нәпақа іздеп, қалада жұртшылық "құл базар" деп атап кеткен "бекетке" шығады. Ал қыз-келіншектер темір жол вокзалын жағалап, самса, бәліш пісіріп сататын көрінеді. Кейбірі дәмханаларда ыдыс жуушы, еден жуушы болып жұмыс істейді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Кафедегі еден жуушының айлығы 35 мың теңге дейді. Үйді 20 мың теңгеге жалдап отырмын. Жұмысқа барып келем дегенше, 15 мың теңгем кетеді. Сөйтіп оған да келіспей, жұмыссыз отырмын. Қырғы базардан банан, алма әкеп осында үстеме бағамен сатып күн көруге мәжбүрмін", - дейді Алматы қаласынан көшіп келген 45 жастағы Данелия.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Жалпы "Көксай" шағын ауданында 6 мыңға жуық халық тұрады. Қалалық әкмдіктің мәліметіне сүйенсек, мұндағы үйлер өткен ғасырдың 40-50-ші жылдары салынған. Тіпті 30 жылдарында салынғандары да бар екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал "Көксайдағы" үйлердің сүріледі деген сыбыс шыққалы біршама уақыт өтсе де, бұл жаңалыққа "зеленая балкалықтар" селт ете қоймағанын байқадық.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Жақын күндері болатын жарқын өмірге сене бермейтіндей. Десе де жұмыссыздық пен жоқшылық жанын жеп, қажытқан жүздерінен нұр байқалмаса да, сүреңсіз күндерінен үмітті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759346-sinsi-megapolis-atangan-symkentti-e-kedej-audany-zajly-ne-bilemiz/