Ақжарқын Тұрлыбай қытай түрмесінде француз тілін үйрене бастаған

Опубликовано:

2014 жылы Қытай жерінде есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған отандасымыз түзеу мекемесінде француз тілін меңгеруді бастаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: ВК/Ақжарқын Тұрлыбай; Коллаж: NUR.KZ
Фото: ВК/Ақжарқын Тұрлыбай; Коллаж: NUR.KZ: UGC

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандық елші Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайын білу үшін оған жиі барып тұрады. Ару түрмеде бірнеше шет тілдерін танумен айналысып, уақытын бос өткізбей жүргенін айтқан.

Ақжарқынның өзі француз, қытай тілдерін үйрене жүріп, жанындағы Қытай азаматтарына ағылшын тілін меңгеруге көмектеседі екен.

Алайда қазақстандық сотталушының ісіне қатысты әзірге еш жаңалық жоқ.

"Қытай сотының шешімін күтіп отырмыз. Қытай сотының отырысы әлі өткен жоқ", - дейді Айбек Смадияров. 

Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда заңсыз есірткі тасымалдады деген айыппын өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Алданып қалғанын айтақан бойжеткен кінәсын мойындамайды.

Кейінірек аталмыш іске қатысты апелляциялық инстанция оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жойып, оны қайта қарауға жіберген.

Алайда қанша жыл өтсе де нақты шешім шығармауына байланысты Тұрлыбайдың қорғаушысы Жоғары сотқа шағымданатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759426-akzarkyn-trlybaj-kytaj-trmesinde-francuz-tilin-jrene-bastagan/