Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қоғамдық орында баласын тепкілеген әйел іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Шымкентте қоғамдық орында көпшілікпен жанжалдасып, еденде жылап жатқан баласына қатыгездік танытқан әйелдің видеосы Instagram желісінде тарап, жұрттың қызу пікірталасын тудырған еді. Осыған қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: rebenok.by
Көрнекі фото: rebenok.by: UGC

Видеожазбада əйел өзін камераға түсіріп тұрғандарға ұрысып, барлығын балағаттайды.

Оқиға куəгерлерінің айтуынша, ол сәбиді аяғымен аяусыз тепкілеген. Сондықтан жұрт балаға жанашырлық танытып, оған араша түссе де, қатыгез ана өрескел әрекетін доғармапты.

Тек өзін камераға түсіре бастағанда ғана баланы ұрып-соғуын тоқтатты дейді көпшілік.

Желіде тарап кеткен видеоға оқырмандар жарыса пікір қалдырып, оқиғаның Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығында болғанын жазған.

Кейінірек белгілі болғандай, видео Нұрсəт шағын ауданындағы көші-қон қызметі бөлімінде түсіріліпті.

Шымкент қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Əсел Сəденова аталмыш оқиғаға қатысты пікір білдіріп, бас кейіпкерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Ведомство қызметкерінің айтуынша, қазір Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кəмелетке толмаған адамды тəрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша тергеп тексеру амалдары басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759513-symkentte-kogamdyk-orynda-balasyn-tepkilegen-jel-izdestirilip-zatyr/

pixel