Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК экс-төрағасы Әблязовке хабарлау үшін Тәтішевтің телефоны тыңдалғанын айтты

Жарияланған күні:

Ұлттық қауіпстіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев Әблязовтың ісіне қатысты сотта куәлік етті. Ол 2003 жылдың сәуірінде Ақмола облысындағы түзеу мекемесіне барғанда айыпталушымен танысқанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Түрмеде өз жазасын өтеп жатқан Әблязов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бастығын шақырып, президенттің өзіне кешірім жасауы үшін видеоүндеу бергісі келетінін айтқан.

"Қылмыстық істі қаржылық полиция жүргізіп жатқан. Сәуірде мен Әблязовпен жолыққан соң оған рақымшылық жасалды. Ол босап шыққаннан кейін, ҰҚК заң аясында онымен байланысын үзген жоқ. Мен де хабарласып тұрдым.
Әблязов түрмеден шыққанда бұрынғы серіктестері Смағұлов пен Тәтішевке тіс қайрап жүріпті. Олар бизнесті бөлісу бойынша келісе алмай қалған. Кейінірек Смағұловпен татуласып, Тәтішевпен сол бойы араздасып кетеді. Әблязов Тәтішевті өзінің абақтыда отырғанын пайдаланып, БТА банкіндегі бөлігін иеленіп алды деп ойлайды.
2004 жылы Әблязов бізден Тәтішев туралы ақпарат алуға көмек көрсетуімізді сұрады. Осылайша өз активтерін тезірек қайтарып алғысы келді. Сонымен Тәтішевтің телефоны тыңдалып, одан түскен ақпараттар Әблязовқа беріліп отыратын. Онда Тәтішевтің байланыстары, немен айналысатыны туралы айтылған", - деп түсіндірді Дүтбаев.

Дүтбаев осы үшін Әблязовтан сый алдыңыз ба деген сұраққа былай деп жауап берді.

"2006 жылы Сәрсенбаевтың өлімінен кейін отставкаға өз еркіммен кеттім. Мен Елбасының кеңесшісі болдым, содан кейін Жақышев басқарған ҚазАтомпромның вице-президенті болып тағайындалдым. Содан кейін ол сотталып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқан. Әблязов бұл уақытта елден кетіп қалған болатын.
Кейінірек Жақышевтің әйелі менімен оны қалай босатып алуға болады деп ақылдасып отырғанда маған бір банк картасын берді. Ол картаның Әблязовқа тиесілі екенін мен білмедім. Ал 2009 жылы Әблязовпен қайта байланысқа шыққаным - елдегі тыныштық үшін оны тоқтатқым келді. Себебі ол Жақышевтің жағдайына да кері әсер ететін болды.
Ал картада болған 20 мыңды ол маған Алматыдан Астанаға шығу үшін берді. Онда Жақышевтің тергеу жұмыстарына қатысуым керек болатын", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759892-kk-eks-tragasy-blazovke-habarlau-sin-ttisevti-telefony-tydalganyn-ajtty/