Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Секс-қуыршақ сатқаны үшін сайты бұғатталған "Технодом" арызын сот қабылдамады

Опубликовано:

Астанадағы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сот "Технодомның" Ақпарат және коммуникация министрлігінің таратқан мәліметіне қарсы жазған арызын қабыл алудан бас тартты. Арызданушы тарап Комитеттің ғаламторда секс-қуыршақтар сатуына байланысты сайтты бұғаттау әрекетін заңсыз деп тануды талап еткен. Бұл туралы Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: bandp.ru
Көрнекі фото: bandp.ru: Instagram

"Технодом" өкілдері өз арызында лауазымды тұлғаның әрекетін "заңды тұлғаның жұмысына заңсыз тапсырма беру арқылы заңсыз бөгет болу" деп тануды өтінген.

Олардың пікірінше, мұндай шаралар бизнес өкілінің құқықтары мен қызығушылықтарын бұзады.

Сот шешімінде мұндай талаптардың "азаматтық сот ісін жүргізу ретінде қаралмайтыны" жазылған. Талаптар бар болғаны арыз берушінің дәлелдемелері делінген құжатта.

Осыны ескере отырып, сот істі тоқтату туралы шешімге келген.

Еске салсақ, шілде айында "Технодом" дүкендер желісінің сайты "ересектерге арналған заттарды" саудалағаны үшін бұғатталған еді.

Компания басшысы осыдан кейін баспасөз жиынын өткізіп, сайтты бұғаттау зауңсыз болғанын соның әсерінен біраз шығынға ұшырағанын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759978-seks-kuyrsak-satkany-sin-sajty-bgattalgan-tehnodom-aryzyn-sot-kabyldamady/

pixel