Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқмәди: Тәтішевтің көзін жою үшін Әблязов маған 4 млн доллар ұсынды

Опубликовано:

Мұратхан Тоқмәди бүгін Әблязов ісі бойынша сот отырысына қатысып, Ержан Тәтішевтің өлімі қалай орын алғанын айтып берді. Ол банкирдің көзін жою үшін Әблязовтың 4 миллион доллар сыйақы ұсынғанын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото NUR.KZ
Фото NUR.KZ: UGC

Тоқмәдидің айтуынша, ол шыны зауытын дамыту үшін қаражат іздеп жүрген. Осыған байланысты Тәтішевтің кеңесімен банктен несие алуды көздейді. Алайда қарыз беруші шарты бойынша, зауыттан түскен пайданың 30 пайызы банкке тиесілі болады.

"Мен банкке барған соң Тәтішевпен жолығып, жақын арада Шығыс Қазақстан облысына аң аулауға барамыз деп жоспар құрдық. Бұрындары да солай жиі шығып, зауыттың бизнес-жоспарын талқылайтынбыз", - дейді ол.

Тоқмәди Әблязовпен 2003 жылдың басында танысыпты.

"Әблязов маған ақша керек болып жүргенін білетін. Мені кездесулерге шақырып тұрды. Тәтішев өзіне жамандық жасағанын да айтатын", - деді Мұратхан.

Сол уақыттарда Тоқмәди мен Әблязов Тәтішевтің көзін жою бойынша жоспарлар құра бастаған. Әблязов оған банкирдің өлімін кездейсоқ болған қайғылы жағдай ретінде жабуға көмектесетінін және 4 миллион доллар беретінін айтқан.

Егер оған көнбесе, Тоқмәдидің өзі мен отбасын да аман қалдырмайтынын жеткізіпті.

"Неге Тәтішевке барып, Әблязовтың жоспарын айтпадың?" деген сұраққа Тоқмади "Оны ойламаппын" деп жауап берді.

2003 жылдың күзінде ол Әблязовтен келісілген қаржының жартысын алған.

Сот отырысында Тоқмәди Тәтішевті қалай өлтіргенін де айтып берді.

"Төрттер шамасында оның үйіне келдім, сосын біз Қордайға қарай беттедік. Жолда екі қасқырды аттық. Отар станциясына жеткенде жанымызға жергілікті тұрғындар келіп, түнде қасқыр көргендерін айтты. Содан кейін біз аңдардың ізі бойынша жүріп отырдық.

Ержан рөлге отырды. Мен оның артында отырып, қарумен аңға қарай бірнеше рет оқ аттым. Біз жоғары жылдамдықпен жүріп келе жаттық. Бір уақытта менің басым көліктің төбесіне соғылып, қан кете бастады.

Ержан "бәрі жақсы ма?" деп сұрады. Мен қаруды қайта оқтап, атуға дайындалып жатқанмын. Ержан өзі атқысы келгенімен, олай істей алмайтынын біліп қоя салды. Сол сәтте мен оны атып жібердім", - дейді Тоқмәди.

Осыдан кейін тергеу жұмыстары басталып кеткен. Мұратханның сөзінше, Әблязов барлық әңгіме мен кездесу туралы біліп отырған.

"Адамдарға қысым көрсету оның қолынан жақсы келеді", - деді ол.

Еске салсақ, күні кеше Әблязов ісі бойынша сотта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев куәлік еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760106-tokmdi-ttisevti-kzin-zou-sin-blazov-magan-4-mln-dollar-syndy/

pixel