Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз тойында анасының аяғын сүйген ақтөбелік журналист елді сүйсіндірді

Опубликовано:

Ақтөбе қаласындағы мейрамханалардың бірінде үйлену тойын өткізген журналист Қамбар Мұқашев өз әрекетімен барша жұртты сүйсіндірді. Ол шаңырақ көтерген кешінде анасының ақ батасын алып, аяғынан сүйген деп хабарлайды Керек.Info сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Керек Info
Фото: Керек Info: UGC

Қамбар мен Әзизаның тойы қазақи дәстүрге сай ашылған "Қазақ" мейрамханасында өткен алғашқы той екен.

Үш сағатқа созылған бұл қуанышты кеште тілектер де айтылып, ән де шырқалыпты.

Тіпті, той ортасында журналистің өз анасына құрмет көрсетіп, аяғынан сүйгені жұрттың назарын бірден аударған екен. Қамбардың бұл әрекетін асаба Әлішер Садық та қолдапты.

"Анасының батасын алғаннан жаман болмайды", "Жұмақ ананың табанының астында",-деген тойды басқарған Қамбардың әріптесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760114-z-tojynda-anasyny-aagyn-sjgen-aktbelik-zurnalist-eldi-sjsindirdi/

pixel