Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ауладан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды

Опубликовано:

Ақмола облысындағы Степногорск қаласының тұрғындары ауласынан жаңа туған нәрестенің өлі денесін тауып алған. Олар бірден полицияға хабар беріп, сәбидің анасын іздеу жұмыстары басталып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik Қырғызстан
Көрнекі фото: Sputnik Қырғызстан: UGC

Облыстық полиция департаментінің баспасөз бөлімі мәлім еткендей, полиция қызметкерлері нәрестені қалдырып кеткен 26 жастағы әйел екенін анықтаған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 100 бабына сәйкес жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Әзірге белгілісі, 22 қазан күні әйел құрсақтағы жеті айлық қызын шала туып қояды. Содан кейін оны көрші үйдің кіреберісіне тастап кеткен.

Сәбиді таңертең зейнеткер тауып алыпты. Дәрігерлер оның бас-ми жарақатын алғанын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760166-akmola-oblysynda-auladan-zaa-tugan-nresteni-li-denesi-tabyldy/

pixel