Астана ақ түтек боранның құрсауында қалды (фото, видео)
Опубликовано:
Бүгін Астанада таңнан бері жел күшейіп, қар борап тұр. Салдарынан қала көшелерінде ұзын-сонар кептеліс пайда болды деп жазады NUR.KZ.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx19v04iek2ts8.jpeg)
Елордада бүгін қатты жел тұрып, қар аралас жаңбыр жауып тұр. Қаланың кей аудандарында тіпті ақ түтек боран соғып тұр.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudxk55vobt916k.jpeg)
Салдарынан қала көшелерінде кептеліс пайда болып, тұрғындар жұмыстарына жете алмай әлек.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx49m36eq5ea1.jpeg)
"Астанаға қалыпты жағдай ғой? Қайта биыл күз әдеттегіден әлдеқайда жылы болды. Сондықтан қыстың аулы алыс емес деген белгі" , - дейді астаналықтар.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx26hcad2dub7g.jpeg)
Айта кетейік, өткен аптада бас шаһарда ауа температурасы +12 гарудасқа дейін жылынып, тұрғындарды таң қалдырған еді. Кейін синопниктер алдағы үш күнде елордада желдің жылдамдығы 15-20м/с-ке жететінін айтып, бас қалада тұман мен көктайғақ күтілетіні жайлы ескерткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760440-astana-ak-ttek-boranny-krsauynda-kaldy-foto-video/