Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жоқшылықтың зардабын тартқан аналар баласын сәбилер үйіне тастауға мәжбүр

Опубликовано:

Ақтөбедегі "Үміт" сәбилер үйінде аптасына бір рет бала мен ананың кездесу күні белгіленген. Орталыққа аптасына тұрақты келіп тұратын аналар бар деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Иллюстрациялық фото: Club-nikon.ru
Иллюстрациялық фото: Club-nikon.ru: UGC
"Біздерге көпшілігі баланы уақытша тастайды. Жағдайының жоқтығын, тұрмыстық қиындықты алға тартады. Жас үйленген отбасылар ажырасып, баламен отырған ана жұмыссыз қалады. Пәтер жалдап тұратын аналар күнін көру үшін балаларын бізге тапсырып, жұмысқа шығады. Сондай аналар бар. Баласын үш айға, алты айға не бір жылға қалдырып, көмектесуді сұрайды. Толық пәтеріне орналасып, жұмысқа орныққаннан кейін балаларын алып кетеді. Біз балаларды 4,5 жасқа дейін қарап бере аламыз", - дейді "Үміт" сәбилер үйінің бас дәрігері Қадірбек Иманбаев.  

Балаларын жалғыз асырай алмаған жас келіншектер нәрестелерін орталыққа қалдыруға мәжбүр.

"Ажырасу көбіне 20 мен 35 жас аралығындағы азаматшаларда болады. Себебі бізге келетін аналардың жасынан осыны аңғарамыз. Байқағаным, облыс тұрғындарының көпшілігі "Үміт" балалар үйі туралы ақпарат білмейді екен. Әсіресе, аудан орталығындағылар. Балаларын туыстарына бірнеше күнге қалдырып кетіп жатады. Ондай кезде баланың жағдайы болмауы мүмкін. Ал бізде балаға толық жағдай жасалады", - дейді бас дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760604-aktbede-zoksylykty-zardabyn-tartkan-analar-balasyn-sbiler-jine-tastauga-mzbr/

pixel