Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердіоңғаров аяғының арасына стакан қысып, дұға жасаған аруды сынға алды

Опубликовано:

Тәңірберген Бердіоңғаров өзінің Instagram парақшасына екі аяғының ортасына стакан қойып, дұға еткен бойжеткеннің суретін жүктеп қойды. Арудың қылығын сынға алған экс-депутатқа қыздың өзі хат жазып, фотоны өшіруін өтінген. Алайда ер адам одан 200 доллар талап етіп, ішімдік ішуді қоюға кеңес берді деп жазады NUR.KZ.

Бердіоңғаров аяғының арасына стакан қысып, дұға жасаған аруды сынға алды
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ.: UGC

Бұрынғы мәжіліс депутаты желіде ұятқа қалған аруға 200 долларды өзіне емес, қарт адамдарға таратып беруін ұсынған.

Бірақ суреттегі бойжеткен қайырымдылық жасаудан бас тартыпты. Бердіоңғаров өз кезегінде бойжеткенге ішімдікке салынуды доғаруын талап еткен.

Блогердің оқырмандары оны "бопсалаушы" деп атап, аяусыз сынап тастады.

Олар Бердіоңғаровтың жеке хабарламаларды желіге жүктегенін ер адамға тән қасиет емес деп бағалаған.

Айта кетерлігі, блогерлікке бет бұрған экс-депутат желідегі даулы мәселелердің арқасында асқан танымалдылыққа ие болуда.

Ол Астанадан Алматыға арнайы келіп, Мұхтар Әблязовтың елден қашпай тұрғанда мекен еткен зәулім сарайын видеоға түсіріп алған еді. Кейін ол бейнежазбаны бұрынғы шенеунік желі оқырмандарының назарына ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760707-berdiogarov-aagyny-arasyna-stakan-kysyp-dga-zasagan-arudy-synga-aldy/

pixel