Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында нәрестенің дүниеге келер сәтте жүрегі тоқтап қалған

Опубликовано:

Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының 20 жастағы тұрғыны сәбиін перзентханада өлі босанды. Келіншектің қайын апасы тоғыз ай бойы жүрегі соғып тұрған сәбидің, дүние есігін ашар сәтте қаза болғанына қапалы. Нұржамал Қонысбайдың баласы неліктен өлі туылғанына дәрігерлер мардымды жауап айта алмаған деп хабарлайды Qamshy.kz.

Фото:www.t.ks.ua
Фото:www.t.ks.ua: UGC

Мадина Әбдеттің (келіншектің қайын апасы) айтуынша, өлі туылған сәбидің денсаулығын дәрігерлер тоғыз ай бойы жақсы деп бағалаған. Нұржамал Қонысбай перзентханаға қабылданған сәтте бала тірі болған, яғни жүрегі соғып тұрған. Абай ауылындағы ауруханада босанған келіншектің туыстары "баланың өлі туғаны дәрігерлердің салғырттығынан" деген ойда.

"Нұржамал тоғыз ай бойы дәрігерлерге уақытылы қаралды. Ешқандай ақау таппады. Перзентханаға қабылдап алғанда да келініміздің жағдайы жақсы болатын. Аурухана қызметкерлері оны 2018 жылдың 27 қазанында сағат 14.00-де қабылдап алды. 17.00-де Нұржамалдың жанына серіктес ретінде кірдім.
Сол уақытта бізге баланың жүрегі соқпай тұрғанын айтты. "Кардиологқа көрініп, УДЗ-ге түсейік" десек, екі дәрігер де орнында жоқ. УЗД маманына хабарласса, телефонмен "Бармаймын" деп айқайлады. Ол дәрігерді екі сағат күтуге мәжбүр болдық. Дәрігерлер "Кесарь тілігін жасайық. Бала мүмкін тірі шығар" дейді. Өздері де білмейді", - дейді Мадина Әбдет.

Айта кетейік, 20 жастағы Нұржамал Қонысбайдың бұл тұңғыш перзенті. Сондықтан ол кесарь тілігіне келіспеген. Өзі босануға шешім қабылдаған жас келін, кешкі сағат 20.00-де өлі сәбиді дүниеге алып келеді.

Мадина Әбдеттің айтуынша, дәрігерлер сәбидің жақындарына нақты жауап қайтармай, тек "Ондай жағдайлар болып тұрады" деп айтқан.

Қазір Нұржамал Қонысбайдың туыстары мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін медициналық сараптама жасатуда. Оның қорытындысы тек он күннен кейін дайын болады. Сондай-ақ олар осы оқиғаға қатысты прокуратураға арыз түсірген.

Перзентханада қажетті аппараттар мен мамандардың жоқтығына күйінген келіншек мемлекеттік мекемедеге тиісті құрал-жабдықтың (УДЗ) 30 жылдан бері жаңармағанын да жайып салды.

"Оларға мемлекеттен тиісті қаржы бөлінгенімен, құрал-жабдықтар жаңартылмаған. 30 жылдан бері келе жатқан ескі аппараттар. Онда да тек УДЗ ғана бар. Басқа аппараттар жоқ. Кардиолог былай тұрсын, УДЗ жасайтын маман жұмыс орнында емес", - дейді Мадина Әбдет.

qamshy.kz порталы аталған оқиғаға байланысты перзентхананың бас дәрігері Нұралы Жақыповқа хабарласқан.

Алайда ол кісі орнында болмаған. Ал хатшы бас дәрігердің қызмет көрсету сапасы бойынша және емдеу ісі бойынша екі орынбасары бар екенін мәлім етті.

Қызмет көрсету сапасына жауап беретін Ғани Бахтиярұлы УДЗ мен кордиологтың жұмыс орнында болмағанын жұмыс уақытының аяқталуымен түсіндірді.

"УДЗ жасайтын маман да, кардиолог та сағат 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда оларды үйінен шақыртамыз", - дейді ол.

Емдеу ісіне жауапты орынбасар Әбдуғаппар Моминов те әріптесінің сөзінен аса алмаған. Бас дәрігердің орынбасарлары 2018 жылға арналған перзентханадағы өлі туған сәбилер мен тірі туған сәбилердің тізімін де айта алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760762-trkistan-oblysynda-nresteni-dniege-keler-stte-zregi-toktap-kalgan/

pixel