Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы атышулы сақалды әжей шөбере сүйді

Опубликовано:

Көпшілік "сақалды әже" ретінде таныған Түркістан облысының тұрғыны Мұхтабар Тораева шөберелі болды деп хабарлайды "Замана" басылымы.

Фото: "Замана" басылымы
Фото: "Замана" басылымы: UGC

Басылым мәліметіне сүйенсек, қалың сақалына ұстара тигізіп көрмеген қария шөберелі болып, қуанышы еселеніп жатыр. Бүгінде 70 жасқа келген әже өзі туралы түрлі қауесет тараса да еш қамықпастан, бақытты күн кешуде.

Еске салсақ, осыған дейін шетелдік БАҚ қазақстандық сақалды әйелді терроршы деп таратып жіберген болатын. Мұхтабар әже сұмдық жаңалықты бала-шағасынан естіп, жағасын ұстапты.

"Алғашқыда абдырап қалғаным рас. Бұл қалай болды деп уа­йымдадым. Бірақ кейін сабама түстім. Пенде болғасын бір қателік кеткен шығар. Оған бола жау шаптырып нем бар? Менің кім екенімді, қандай адам екенімді бәрі біледі", - дейді ол.

Жаны жайсаң қария тіпті өзіне қара күйе жаққандарлы сотқа беруден де бас тартыпты. Барлығының жазасын бір Аллаға тапсырған ол ұрпағының амандығын тілеп, қмірін жалғауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760813-trkistan-oblysyndagy-atysuly-sakaldy-zej-sbere-sjdi/

pixel