Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полицейлер үш ғимаратты қоршауға алды (фото, видео)

Опубликовано:

Куәгерлер "Нұрлы тау" бизнес орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабар түскеннен кейін, ондағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіргенін айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

"Нұрлы Таудан барлығымызды сыртқа шығарды. Біреу бомба қойған деген сыбыстар тарап жатыр", - дейді алматылық МАдия Төребаева.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Әзірге эвакуациялаудың себептері нақты айтылған жоқ. NUR.KZ порталы оқиғаның барысын бақылап, барынша толық ақпарат таратуға тырысады.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Zakon.kz сайты да Ұлттық кітапханаға жедел қызмет мамандары жұмылдырылып, ғимаратты қоршауға алғанын хабарлауда.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Сондай-ақ Istagram желісінде Гоголь мен Панфилов көшелерінің қиылысндағы тұрғын үйді де қоршауға алғаны туралы ақпарат тараған.

"Осымен екінші күн өрт сөндірушілер мен әскерилер қорщап алған. Осыған қарап біздің полиция назарын өзге нәрсеге бұруға тырысып жатыр ма деген ой туындайды. Қорқынышты", - деп қала тұрғыны видеоға пікір қалдырған.

Еске сала кетейік, 29 қазан күні полицияға Esentai mall сауда кешенінде жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келіп түскен. Дәл сол күні полицейлер Шаляпин Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы пиццериядан жарылғыш зат іздеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760817-almatyda-policejler-s-gimaratty-korsauga-aldy-foto-video/

pixel