Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда бидің түбін түсірген "құдағи" желіні жарды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіге аты-жөні белгісіз әжейдің тойда билеген видеосы тарап кетті. Желідегілер зейнеткердің көңілді биіне риза болған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Кенталдың "Құдағи" әніне барын салып билеген әжейге оқырмандар сүйсініп қалғандарын жасырмай, пікір білдірген.

"Жарайсыз", "Қарттықты осылай өткізбеген соң", "Жас кезінде талай тойдың сәніне айналған ғой", "Жас жеткенде осылай билеуге де күш керек", "Жастық шағын еске алғысы келгенде", "Осы тойда билеуге қорқатын болдық қой. Видеоға түсіріп, салып жібереді" .
"Апа жарайсыз! Жасыңыз жүзге жетсін", "Тойға барған соң осылай көңіл көтеру керек қой", "Таңғалып отырмын. Мен жап-жас болып, осылай қозғала алмаймын" деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760884-tojda-bidi-tbin-tsirgen-kdagi-zelini-zardy/

pixel