Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік хирург 70 жастағы әжелер қалайша "қыздай" болып жүретінін айтты

Опубликовано:

Ақтөбеліктер арасында сыйлық жасаудың жаңа түрі пайда болған. Мәселен, пластикалық отаның шығынын төлеп, жақындарына тарту етіп жатқандар бар екен. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды. 

қыздай
Көрнекі фото: medikom.ua: UGC

Өңірдегі жеке клиникаларда түсіңкі қабақты кесіп, көзді үлкейту оталары күнделікті жасалатын көрінеді.  

Кішкентай көзді қыздар 40 минут ішінде "ботакөзге" айналады.

"Пластикалық отадан бірінші орында көзді көтеру тұр. Көз астын тартып, түсіп кеткен қабақты көтереміз. Нәтижесінде әдемі көз шығады. Адамның жанары сұлулықтың айнасы. Сондықтан мұндай оталарға өтініш көп.

18 жастағы қыздардан бастап, 70 жастан асқан әйелдер келеді. Менде ондай келушілер болды. Қызы мамасын алып келді. Мамасы 72 жаста екен.

«Менің қызым тұрмысқа шығайын деп жатыр. Құдалар бізден жас. Кенжемнің тойы еді, бірдеңе жасаңызшы. Екі айдан кейін болатын тойда әдемі көрінуім керек» деді.

Әрине, алдымен терісін дайындадық. Ол кісінің қабағы түсіп кеткені сондай, көзін жауып тастаған. Ота сәтті шықты. Ол кісі «тойдың ханшайымы» болдым деп қуанды", - дейді хирург Ибрагим Бралов.
қыздай
Ибрагим Бралов: UGC

Сұлулық үшін қорқынышын жеңген ақтөбеліктер аз емес. Олар сырт пішінін реттеу үшін отаға барудан тайынбайтын болып шықты.

"Кейде ата-аналары қызының 18 жасына осындай оталарды сыйға тартып жатады. Қазіргі жастар өте еркін. Замануи мүмкіндіктерді қалт жібермейді.

Көздерін үлкен етіп көрсету үшін ұзақ уақыт бойы қабақты ашатын жапсырмамен жүретіндер болады. Сол себепті түсіп кеткен қабағын кестіріп, көзін ашқызады.

Мұндай оталардың бағасы әртүрлі. 90 мың теңге мен 150 мың теңгенің арасында жасаймыз. Ота бар болғаны 30-40 минуттың ішінде жасалып болады.

Жергілікті жансыздандыру арқылы жасаймыз. Адам ұйықтамайды. Музыка тыңдап жатып, бізбен еркін әңгімелесе алады. Екі көзі бірдей болу үшін ашып жатады.

Сонымен қатар, құлақ формасына қалыпқа келтіруге қатысты оталарға да сұраныс жоғары. Ата-аналар 6 жастағы балаларын алып келеді. 60 жастағы азаматтар да құлағын ота арқылы түзеттіреді.

Құлағындағы кемшілікке ұзақ уақыт бойына өзін ыңғайсыз сезініп келген адам отадан кейін риза болып жатады", - дейді Бралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761074-aktbelik-hirurg-70-zastagy-zeler-kalajsa-kyzdaj-bolyp-zretinin-ajtty/

pixel