Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық 25 ЖОО үздік университеттер қатарына енді

Опубликовано:

Quacquarelli Symonds агенттігі Шығыс Еуропа мен Орта Азияның үздік 300 университетін анықтады. Бұл тізімге отандық 25 жоғары оқу орны енді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: scientificrussia.ru
Көрнекі фото: scientificrussia.ru: UGC

Бұл тізімде алғашқы орынға Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жайғасқан.

Ал одан кейінгі орынды тағы бір ресейлік оқу орны- ұлттық ядерлік зерттеу университеті иеленіпті.

Үздік үштікті Новосибирск мемлекеттік университеті тәмамдаған.

Бұл рейтинг бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 19-шы орынға табан тіресе, Еуразия ұлттық университеті 40-шы орынды, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университеті 70-ші орынды иеленген.

Аталған тізімде Қазақ-Британ техникалық университеті 77 -ші, Қазақ агротехникалық университеті 96-шы, ал Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 99-шы орыннан көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761079-kazakstandyk-25-zoo-zdik-universitetter-kataryna-endi/

pixel