Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсек тартып қалған ресейлік қыз Түркістан облысындағы әулиеге келген соң жүріп кетті

Опубликовано:

Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан Қарабура әулие кесенесінің тарихы тереңде орналасқан. Мұндағы шырақшының айтуынша, бұл қасиетті орынға ат басын бұрған кез келген адам өз дертінен айығып кетеді екен. Бұл туралы zynqala.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: zynqala.kz
Фото: zynqala.kz: UGC

Киелі кесенедегі таң қаларлық оқиғалардың бірі екі ай бұрын орын алыпты. Сол уақытта Қарабураға ресейлік 16 жастағы қыз анасымен бірге келген көрінеді.

Алты жыл бұрын бойжеткеннің әкесі үйіне мас күйінде келіп, қызының үстінен аттап өтіп, анасын ұрып жіберген екен. Содан шошынған ару орнынан тұра алмай, төсек тартып жатып қалыпты.

Аяқтан тұру үшін түрлі ем қабылдап, барар жер, басар тауы қалмаған қыз бір күні түс көреді. Онда ол Қарабура деген киелі орында емделіп жатқанын сезінген екен.

"Түсімде Қарабура деген жерге барыппын. Кесенеде үлкен тал бар, соған арқаммен отырып, ұйықтап кетіппін. Оянсам, белім жазылып, кәдімгідей жүрмін", - деген екен ол анасына.

Осылайша, ойда-жоқта мүгедек болып қалған қыздың жақындары Қарабура кесенесін алты жыл іздепті. Олар Қазақстан елін білгенімен, Созақта орналасқан киелі орынды таппаған көрінеді.

Ақырында түсіне енген орынды тапқан ару Қарабура кесенесінде үш түн түнеген соң аяқтан тұрып кеткен екен.

Шырақшы Сейфулла Өмірбеков кесенеге басқа да шет елдерден, әсіресе, Қырғызстан мен Өзбекстаннан, Ресейден келушілер көп екенін айтады. Ем сұрап келетін халықтың арасында Германия мен Венгрия азаматтары да бар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761245-tsek-tartyp-kalgan-resejlik-kyz-trkistan-oblysyndagy-uliege-kelgen-so-zrip-ketti/

pixel