Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді сатып жібермек болған

Опубликовано:

Алматы облысында жаңа туған сәбиді сатып, пайда көрмек болған дәрігерлер сот алдына келді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: BaltNews.lt
Фото: BaltNews.lt: UGC

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тергеу кәмелетке толмағандарды саудаға салу бабы бойынша іске асқан.

Қылмыстық іске нәрестенің анасы мен әжесі және ауруханадағы бөлім басшысы мен тазалықшы әйел күдіктелуде.

Оған қоса, сәбиді сатып алмақ болған адам да сот алдына келді.

Іс жабық түрде өтіп жатыр. Келесі сот отырысы тоғызыншы қарашаға белгіленген.

Айта кетейік, бұған дейін Қаскелеңдегі перзентханада жаңа туған сәбиді сатпақ болғандарды тұтқындау туралы ақпарат пайда болған еді. Кейіннен сатып алушыны 12 млн теңге кепілдікке босатып жібергені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761768-almaty-oblysynda-drigerler-zaa-tugan-sbidi-satyp-zibermek-bolgan/

pixel