Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ірі компаниялар отын бағасын бірге бақылағаны анықталды

Опубликовано:

Аязды күндер жақындаған сайын дизельді отын бағалары артып келеді. Осы тұста төрт алматылық компания отын арқылы табыс табудың жаңа тәсілін ойлап тауыпты. Бұл туралы монополияға қарсы комитеттің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: argumenti.ru
Көрнекі фото: argumenti.ru: UGC

Отынның нарықтағы бөлшек саудасына мамандандырылған алматылық "Royal Petrol" ЖШС, "Гелиос" ЖШС, "Газпром-нефть Казахстан" ЖШС және "Sinooil" ЖШС компаниялары ағымдағы жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін дизель отынының бағасын бірлесіп бақылап отырған.

Қазіргі таңда бұл ақпарат монополияға қарсы комитетке белгілі болып отыр.

Бүгінде аталған компаниялардың мекенжайлары бойынша бәсекелестікке қарсы қызметті тоқтату талаптары мен ескертулері бар хаттар жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761786-almatyda-iri-kompanialar-otyn-bagasyn-birge-bakylagany-anyktaldy/

pixel