Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда бір ай бұрын жоғалған мемлекеттік қызметкер табылды

Опубликовано:

Қарағандылық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Акционерлік қоғамының қызметкерін тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Арман Әлімов. Фото: отбасының жеке мұрағатынан
Арман Әлімов. Фото: отбасының жеке мұрағатынан: UGC

Арман Әлімовке осы жылдың 10 қазанынан бері іздеу салынған еді. Төрт апта бойы оның туыстары мен еріктілер полиция қызметкерлерімен бірге азаматты табуға тырысқан.

Бүгін еріктілер тобы оның дін-аман табылғанын мәлім етті. Ал осынша уақыт не себепті жоғалып кеткені әзірге белгісіз.

"Арман аман-есен табылды. Осы уақытқа дейін қайда болғаны белгісіз. Оны полицейлер іздеп тапты", - дейді еріктілер.

Еске салсақ, осыған дейін Қарағандыда мемлекеттік корпорацияның 29 жастағы қызметкері жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Арман Әлімов жұмыстан шығып таксиге отырғаннан кейін, хабарсыз кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761790-karagandyda-bir-aj-bryn-zogalgan-memlekettik-kyzmetker-tabyldy/

pixel