Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде топтық зорлаудың құрбаны болған ару түрмеге қамалды

Опубликовано:

Ақтөбеде топтық зорлаудың құрбаны болған бойжеткен түрмеге қамалды. Ол жалған мәлімет бергені үшін айыпталған деп хабарлайды «Диапазонға» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде үш жігіт зорлап кеткен ару түрмеге қамалды
Көрнекі фото: SakhaPress.ru: Getty Images

Қылмыстық іс материалы бойынша, тамыз айында бірнеше жігіт 28 жастағы аруды зорлап кетеді. Бойжеткен әлгі азаматтардан қашып құтылыпты. Оны жартылай жалаңаш күйде жергілікті тұрғындар көріп, полиция шақырады.

Жәбірленуші тәртіп сақшыларына өзінің зорлық көргенін айтады. Алайда бірнеше апта өткен соң ол алғашқы берген жауабынан бас тартып, азаматтармен ерікті түрде жыныстық қатынасқа барғанын жеткізіпті. Осылайша бойжеткен соттан айыпталушыларды босатуды өтінген.

Ал құқық қорғау органы зорлық-зомбылық оқиғасы шын мәнінде болды деген шешімге келіп, үш ақтөбелік азаматты абақтыға жабады.

Жақында жәбірленушінің өзі де сот алдында жауапқа тартылды. Ол жалған мәлімет бергені үшін айыпталған. Себебі жігіттермен ерікті түрде интимдік қатынасқа барғанын сол бойы дәлелдей алмапты.

Нәтижесінде бойжеткен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ сот төрешісі оның кішкентай қызы барын ескеріп, жазасын өтеу мерзімін үш жылға қысқартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1763957-aktbede-toptyk-zorlaudy-krbany-bolgan-aru-trmege-kamaldy/

pixel