Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дүкеннен оралмаған": Алматыда 20 жастағы ару із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Күні кеше Алматыдағы Қалқаман-2 ықшам ауданында 20 жастағы бойжектен жоғалып кетті. Еңлік Досымбекова дүкенге шығып кетіп, сол күйі үйіне оралмаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: жеке мұрағаттан
Фото: жеке мұрағаттан: Facebook

Бойжеткеннің анасы қызының сағат 22:00 шамасында үйінен шығып, кофе сатып алуға кеткенін жеткізді. Алайда, бүгінде Еңліктің дүкенге кірмегені анықталды. Оған қоса, арудың ұялы телеофнын үйінде қалған.

20 жастағы арудың жақындары оның әлі де байланысқа шықпағанына алаңдаулы.

"Телефонын да үйде тастап кетті. Қалтасында ақша да жоқ. Сол кофе алу үшін тиын-тебен алып кеткен. Қыдырып кететіндей достары да жоқ. Өз-өзімен жүрген бала, далаға сол дүкенге ғана шығатын" , - деді анасы.

Сонымен қатар, әйел адам баласының талма ауруына шалдыққанын айтты. Оның мәлімдеуінше, Еңлік бұл дерттен 16 жыл бойы айыға алмай жүрген.

Оған қоса ол мешітте құран оқып, араб тілін үйреніп жүрген.

Фото: жеке мұрағаттан
Фото: жеке мұрағаттан: Facebook

20 жастағы қыздың отбасы полицияға арыз жазып, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалған. Бүгінде, тәртіп сақшылары аруды іздестіру шараларын бастап кетті.

Дүкенге шығып кетіп жоғалған бойжеткеннің үстінде көк түсті ұзын куртка (тізеге дейін), қара шалбар және қоңыр түсті аяқ киім болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764878-dkennen-oralmagan-almatyda-20-zastagy-aru-iz-tzsiz-zogalyp-ketti/

pixel