Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Сәтті Жұлдыз» лотереясынан 24 млн ұтып алған қарағандылыққа іздеу салынды

Опубликовано:

Кеше кешке «Loto 6/49» ойынының Арнайы тиражында мультимиллионер анықталды. Ұтыс сомасы 24 564 426 теңгені құрады. Ұтыс «5 сан және бонус шары» санатында шықты. Миллионер сату нүктесінде қарасын әлі көрсетпеді. Жеңімпаздың Қарағанды қаласында Степной 4 шағынауданындағы «Алмаз» дүкенінде ұтыс тіккені белгілі болып отыр.

«Сәтті Жұлдыз» лотереясы 24 миллион теңге ұтып алған қарағандылықты іздеуде

Сәтті билет сатқан сатушы да ұтыстан құр алақан емес. Ол «Сәтті Жұлдыздан» ұтыстың 1%-ы көлемінде, яғни, 240 000 теңгені сүйінші ретінде алмақ.

Айтып өтетін бір жайт, «Loto 6/49» ойыны 2018 жылдың 21 наурызында алғаш рет көрерменге жол тартты. Бұл лотерея әр сәрсенбі сайын өтеді. Қазіргі таңда «Сәтті Жұлдыз» лотереясы қазақстандықтарға 1 миллиардқа жуық ұтыс ақшасын төледі.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764992-stti-zldyz-lotereasynan-24-mln-typ-algan-karagandylykka-izdeu-salyndy/

pixel