Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысының әкімі қоғам белсенділерімен кездесті

Жарияланған күні:

Кездесу Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс – қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспар аясында өтті. Бұған дейін де былтыр 40-қа жуық қоғамдық белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бас қосып, 48 сұрақ қойылған. Олардың 43-і бүгінгі күнге дейін шешімін тапса, қалған 5 сұрақ ұзақ мерзімді.

Маңғыстау облысының әкімі қоғам белсенділерімен кездесті

Осымен екінші рет өткен кездесуге отыздан аса адам келді. Аймақ басшысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, кәсіпкерлерді қолдау, облыстағы жол құрылысы туралы айтып берді. Сонымен қатар, Тұщықұдық, Ақшымырау, Қызан, Ұштаған және Шайыр кенттеріндегі жолдардың жөнделіп жатқанын, ал Ақтау-Жаңаөзен жолын жөндеу келесі жылдың қазан айында аяқталатынын айтты. Кездесу барысында барлығы 40-тан астам сұрақ қойылды.

«Өркениетті келешек» қоғамдық бірлестігінің директоры Гүлбаршын Қарабалина, облыс басшысына 7-20-25 бағдарламасы туралы сұрақтар қойылды. Ералы Тоғжанов, қазіргі таңда Маңғыстау облысы республика бойынша осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 3 орында тұрғанын айтып өтті: «Бүгінгі таңда 200-ден астам пәтер берілді. Сонымен қатар, біз бастапқы жарнаны 20-дан 10% - ға дейін төмендету бойынша жаңа бағдарлама әзірледік. Барлық банктер, бізді қолдап отыр»-деді облыс басшысы.

Маңғыстау облысының әкімі қоғам белсенділерімен кездесті

Сондай-ақ еліміз бойынша маңызды - тарифтердің мәселесі талқыланды. Маңғыстауда электр энергиясын тасымалдау тарифі 187 мың адамды қамти отырып, 26% - ға төмендеді. Ал, электр энергиясын өндіру бойынша 8% - ға 670 мың адамды қамтумен.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің директоры Никар Рафикова тұрмыстық газ бағасы төмендетілген, бірақ Ақтау тұрғындары үшін "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Маңғыстау өндірістік филиалымен әлі де қаралып жатқанын атап өтті.

Маңғыстау облысының әкімі қоғам белсенділерімен кездесті

«Тарифтерді төмендету мәселесі оңай емес. Тарифтерді тиісті министрліктер белгілейді. Осы мәселелерді көтердік. Олардың көпшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне енгізілген. Барлық мәселелер бойынша министрліктер хабардар», - деді Ералы Тоғжанов.

Кездесу барысында көтерілген тағы бір маңызды мәселе – ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығын дамыту. Қоғам белсендісі Жәнібек Қожық, Ауыл тұрғындары үшін әсіресе күзгі-қысқы кезеңде шаруалар үшін жем-шөп мәселесі аса өзекті екенін жеткізді.

«Биыл Маңғыстауда мал басының 12% - ға өсуі тіркелді. Сондықтан, әрине, мал азығы мәселесі біз үшін әрқашан бірінші орында болады. Биылғы жылы 35 бригада шөп дайындау жұмыстарын жүргізіп, 45 мың тонна шөп дайындалды. Сондай-ақ, өңірге 800 тонна мал азығы жеткізілді. Облыс бойынша жем-шөп дайындаудың жалпы жоспарын әзірлеу мақсатында әр аудан үшін жылына қажетті жем-шөп санын санау туралы тапсырма берілді», - деді әкім Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау облысының әкімі қоғам белсенділерімен кездесті

Қоғам белсендісі Киікбай Жақыпұлы облыс тұрғындары мен шенеуніктер арасында байланыс қажет екенін атап өтті: «Халық тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге немесе мәселені түсіндіру үшін аудан, ауыл әкімдері, түрлі мемлекеттік құрылымдардың басшылары әлеуметтік желідегі белсенділікті арттырып, парақшалар ашуын, ал ашылған аккаунтардың жұмысын күшейту керектігін жеткізді»». Облыс әкімі Ералы Тоғжанов: «Мен барлық деңгейдегі басшыларға әлеуметтік желілерде ресми парақшалар ашуға, олардың ведомстволары мен аудандарының барлық өзекті мәселелерін бақылауға және жауап беруге тапсырма бердім. Және бұл жұмыстарды қадағалау облыс әкімінің баспасөз қызметіне жүктеледі» деді.

Маңғыстау облысының әкімі қоғам белсенділерімен кездесті

Саясаттанушы Ербол Еділов Маңғыстауда футболды қаржыландыру және одан әрі дамыту мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

«Біздің міндетіміз – Маңғыстауға футболды қайтару болды. Біздің футболшыларымыз облыстан тыс жерлерде, басқа алаңдардла ойнады.Сондықтан, біздің тұрғындар өз командаларының ойынын көре алмай жүрді. Біз клубтың жұмысын күшейту үшін жаттықтырушыларды, футболшыларды шақырдық. Қазіргі кезде Маңғыстаудың екі баласы Киевтік Асеналда ойнап жүр. Биыл бірінші лигада боуды жоспарладыұ және оған қол жеткіздік. Футболшыларымыз облыс намысын ел біріншілігінде қорғау үшін, қаржыландыру мәселесін де шешетін боламыз. Алдағы уақытта біздің футбол клубымыз Қазақстанның жоғары лигасында болуы керек. Алдымызда осы маңызды міндет тұр».

Кездесу қорытындысы бойынша аймақ басшысы тиісті басқармалар мен аудан әкімдеріне барлық айтылған сұрақтарға жауап беруді, соның ішінде оларды БАҚ-та және әлеуметтік желілер арқылы жариялауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765170-magystau-oblysyny-kimi-kogam-belsendilerimen-kezdesti/