jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
АЖ
Айжан Жолдасбаева
Бұрынғы қызметкер

Ажалдан алып қалды: Ақтөбелік емші 12 адамды домбыраның үнімен емдеген

: Getty Images

Ақтөбеде облысы Байғанин ауданында тұратын жыршы-термеші Ордабай Сандыбайұлы домбыра арқылы адамды қатерлі ісіктен айықтыруға болатынын айтты. Ол қазір науқастарды ұран терапиясымен, музыкатерапия, фитотерапия, фототерапиямен емдеп жүр деп хабарлайды "Замана" басылымы.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Getty Images

Қарияның сөзіне сүйенсек, бала кезінен домбырамен әуестенген ол 33 жасында термелерді сағаттап, тоқтаусыз айтатын шеберлікке жетіпті. Сол шақтан-ақ түсінде "қайырымдылық жаса" деген аянды бірнеше рет көріп, 6-7 жыл бойы өзін дін жолында қайта тәриелейді.

"Ескі мешітке намазға келіп жүргенімде «саналық намаз» деген аян алып жүрдім. Бірақ оның не екенін таба алмадым. Көп ұзамай «әріптер» деген аян түсті. Халифа Алтайдың қазақшаға аударған Құран әліппесін қарасам, «Хуруф-ул Мұқатта-а» деген әріптер тұр екен. Кейін «осы әріптерді пайдалан» деген ақпараттар келе бастады", - деп ағынан жарылды ол.

Жасы 70-ке таяған ақсақал шипалық-саналық намаздың нұсқасы дайын болған соң, оны молдаларға көрсетеді. Басқалардың өзіне сенімсіздік танытқанына қарамастан, ол қазіргі қалыпта жүргенін сол әріптердің арқасы деп біледі.

Қазір өзі қолданып жүрген музыкатерапиямен депрессияға түскен, қиналып жүрген адамдарға көмектесуге болатынын айтады. Сол үшін ол эскизі өзіне аян арқылы көрінген домбыраны арнайы жасатып, түрлі музыка аспабының үнін беретіндей етіп алған.

"Санкт-Петербургте 3 ай онкологиялық хосписінде жұмыс істе­генімде, осы домбырамен ән айттым. Сонда ажалын күтіп отырған 12 науқас үйіне қайтқан болатын. Бұл – хоспистің тарихында болмаған оқиға", - дейді Ордабай Сандыбайұлы.

Ажалдан алып қалды: Ақтөбелік емші 12 адамды домбыраның үнімен емдеген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.