Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2019 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?

Жарияланған күні:

2019 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: kafanews.com
Көрнекі фото: kafanews.com: Depositphotos

Ең көп демалыс күндері наурыз айында болады. Бұл айда қазақстандықтар 14 күн демалады.

Ал мамыр мен желтоқсан айларында 12 күннен демалады екен.

Қаңтарда отандастарымыз 11 күн, ал маусым мен тамыз айларында 10 күн демалады.

Шілде, қыркүйек және қараша айларында қазақстандықтар тоғыз күннен демалады.

Ең аз демалыстар ақпан, сәуір және қазан айларында болады. Бұл айларда отандастарымыз сегіз күннен демалатын болады.

Ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып есептелінеді. Мемлекеттiк мерекелер мына күндерi атап өтiледі:

Жаңа жыл - 1-2 қаңтар; халықаралық әйелдер күнi - 8 наурыз; наурыз мейрамы - 21-23 наурыз; Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi - 1 мамыр; Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр; Жеңiс күнi - 9 мамыр; Астана күні - 6 шілде; Қазақстан Республикасы Конституция күні - 30 тамыз; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан;  Тәуелсіздік күні - 16-17 желтоқсан.

Мереке күндері демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) түссе, мерекеден кейінгі күн жұмыс күні болып саналады. Сондықтан, 2019 жылы бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс күндері:

23 наурыздан 25 наурызға; алтыншы шілдеден сегізінші шілдеге; бірінші желтоқсаннан екінші желтоқсанға;

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға ауыстырылады.

Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, яғни 11 тамыз күні, жетінші қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1766782-2019-zyly-kazakstandyktar-kansa-kn-demalady/