Елімізде жастар 16-ға толған соң жыныстық қатынасқа түсетін болып шықты
Опубликовано:
Қоғамдық пікірді зерттеу институты Қазақстанда 15-19 жастағы жастардың үштен бір бөлігі жыныстық қатынасқа түсетінін айтты. Сондай-ақ, орталық зерттеу барысында әр бесінші қазақстандық жасөспірімнің мүшеқап пайдаланбайтынын анықтаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Көрнекі фото: 24smi.org Көрнекі фото: 24smi.org](https://cdn.nur.kz/images/1120/5d2d1ec7be352daf.jpeg)
Сауалнамаға республиканың барлық өңірінен 4360 жасөспірім қатысқан екен. Олардың қатарындағы қыздар мен жігіттердің жалпы саны тең болыпты.
Анықталғандай, зерттеуге қатысқан жасөспірімдердің ішінде 1500-і екі немесе одан да көп адаммен жыныстық қатынасқа түскендерін айтқан.
"19 жастағылардың 57 %-ы жыныстық өмір сүреді. Жастардың үштен бір бөлігі жыныстық жағынан белсенді. Жыныстық қатынасты бастайтын орташа жас мөлшері – 16 жарым. Біреу ерте, біреу кеш бастайды, бірақ орташа жас шамасы осы", — деп хабарлаған қоғамдық пікірді зерттеу орталығы деректерді талдау және өңдеу бөлімінің жетекшісі Айжан Шәбденова.
Сарапшының айтуынша, жыныстық қатынасқа түсетін жастардың ішінде қалада тұратын жасөспірімдер серіктерін жиі ауыстырады және 15-19 жас аралығындағы әр бесінші қазақстандық мүшеқап пайдаланбайды екен.
Сондай-ақ, Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы қыздардың 16,7 %-ының аяғы ауыр болып, көбісі сәбиін өмірге әкелетін көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1766835-elimizde-zastar-16-ga-tolgan-so-zynystyk-katynaska-tsetin-bolyp-sykty/