Алматы облысында ірі қылмыстық топтың басшысы қолға түсті
Опубликовано:
Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесіп халықаралық іздеуде жүрген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Алматы облысында ірі қылмыстық топтың басшысы қолға түсті Алматы облысында ірі қылмыстық топтың басшысы қолға түсті](https://cdn.nur.kz/images/1120/758a66e6f3f24205.jpeg)
Ведомство мәліметінше, ұстау операциясы қарашаның ортасында Жаркент қаласында жүргізілген.
Ұсталған Бегімбетов Жұмат қылмыстық топ құрды және оны басқарды, сондай-ақ, мүлікті қорқытып тартып алды деген күдікке ілінген. Біздің еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес, бұл қылмыстар ауыр болып саналады.
Қазіргі уақытта аталмыш фактілер бойынша жедел тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1766864-almaty-oblysynda-iri-kylmystyk-topty-bassysy-kolga-tsti/