jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Әлемнің 51 елін шарлаған азамат қазақтарға өз ақылын айтты

: Facebook

Әлемнің 51 елін шарлаған азамат қазақтарға еңбекқор болу керектігін айтты. Бұл ойымен отандық блогер өз парақшасында бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Сырымбек Тауұлы жер шарының бірқатар елдерін аралап шыққан азамат. Ол әр барған мемлекеттен өзіне қажетті тұстарды түртіп алып, отанымызға керекті тәжірибелерді жинақтап жүреді екен. Моңғолияда дүниеге келген азамат сол елде жоғары оқу орнын бітіріп, 2004 жылы тарихи отанына оралған. Содан бері Сырымбек Тауұлы еліміздегі Daco motors KZ компаниясына иелік етіп келеді.

Әлеуметтік желіні белсенді қолданатын Сырымбек Тауұлы өз оқырмандарымен әлем елдері туралы қызықты мәліметтерді талқылап, өз ойымен бөлісіп отырады.

"Жалпы осы Шығыс елдерін шарлап жүргенде, бұлар қалай дамып кетті дегенге де жауап іздей жүремін. Қараңыз, Қытай мен Жапония - алып жолбарыстар. Одан кейін Азияның төрт жолбарысы - Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур бар. Содан сәл төмен "төрт жас жолбарысы" - Малайзия, Тайланд, Индонезия және Филиппиндер тұрады", Бұларға ортақ не бар деп ойлайсыз? Әрине, еңбексүйгіштік! , - деп жазған ол өз жазбаларының бірінде.

Сондай-ақ, азамат ақыл айту қазақтардың сүйікті ісі екенін алға тартып, халықты еңбексүйгіштікке шақырып жүреді екен.

Әрдайым еңбекқорлық пен жасампаздыққа талпынатын, елдің дамуына үлес қосып жүрген азамат жақын арада Қазақстан аумағында Орта Азия мен Ресейді қамтитын алпауыт зауыт салынатынын айтты.

Оның сөзінше, Америка Құрама Штаттарында салынып жатқан Қытайдың Triangle tyres кәсіпорны екі жылда біздің елімізден орын тебетін көрінеді.

Сондай-ақ, Сырымбек Тауұлы бүгінде өзі басқаратын қазақстандық компанияның әйгілі жапониялық Yokohama компаниясымен серіктес екенін жеткізді.

Тауұлының сөзінше, бүгінде компания жапониялық серіктестермен тікелей жұмыс істеп отыр екен. Оның нақты дәлелі, Yokohama бүгінде алматылық "Жолбарыс" хоккей клубына демеушілік етеді. Ал компанияның қазақстандық бренд-амбассадоры отандық әнші Қайрат Нұртас болған.

Әлемнің 51 елін шарлаған азамат қазақтарға өз ақылын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.