Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұншыға жаздадық": Қою түтіннің астында қалған астаналықтар мұңын шақты

Опубликовано:

Астанада кешелі бері күн ашылып, желдің тоқтағаны сол еді, қала төңірегі көк түтінге көміліп қалды. Астаналықтар қою түтіннің иісі тіпті үй ішіне сіңіп қалғанын айтады. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Астананы басқан қою түтіннің залалын əсіресе қала тұрғындары тартып отыр.

NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original
"Астананың сол жағалауында тұрамыз. Алдыңғы күннен бері қала түтінденіп тұр. Тұман басқан сияқты. Ал иісі тіпті қолқа қабады. Үйімізге жеткенше сырт киімізге түтіннің иісі сіңіп қалады.

Былтыр да талай рет айтылған осы мəселе. Бірақ амал нешік? Жел болса болды дейміз. Болмаса міне түтіннің астында қалдық.

Мұны шешудің бір-ақ амалы бар: тездетіп газ тарту. Күн аяз, от жақпаса тағы болмайды. Сондықтан қала түтіннің астында қалды", - дейді тұрғындардың бірі.
NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Қою түтін əсіресе қаланың жекеменшік үйлер салынған аумағында тұнып тұр.

"Юго-востокта тұрамыз. Ол жақ енді жер үйлері көп ықшам аудан ғой? Тіпті жай күндердің өзінде, осылай түтін болып тұрады. Біз үшін үйреншікті нəрсе, терезе ашып демалу мүмкін емес. Үйге түтін кіріп алады. Газ тарту керек. Басқа амал жоқ. Даңғарадай Астананың түтінге көміліп қалғаны ұят қой", - дейді елордалық азамат.
NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1767371-tnsyga-zazdadyk-kou-ttinni-astynda-kalgan-astanalyktar-myn-sakty/

pixel