Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде соғыс ардагерінің денесінде 63 жыл бойы тұрған оқ табылды

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Темір ауданының соғыс ардагері Айтбай Алмағанбетовтың денесінде 63 жыл бұрын тиген пулемет оғы бары анықталған. Бұл туралы aktobenews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

germed.ru
Көрнекі фото: germed.ru: Facebook

Соғыс жылдары тиген оқты ардагер сезбепті. Денесіне кірген темір Айтбай Алмағанбетовты 60 жылдан кейін мазалай бастаған.

"1942 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде оқ ардагердің оң жақ иығына рикошет болып тиген. Мұны оқтың басы майысқанына қарап айтып отырмыз. Ардагер әскери госпитальда емделіп, қайтадан қан майданға аттанған. Ал оқ еттің арасымен қозғалып, 1960 жылдарын шынтақ буынға барып тіреліпті", - деді Темір аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегенов.

Оқтың шынтақ буынға тірелгенін дәрігерлер қолынын бүгілмей қалуынан анықтап отыр. Дегенмен Айтбай Алмағанбетов шипажайға барып, массаж алғаннан кейін қолы қайтадан бүгіле бастаған.

Сөйтсе, массаж кезінде оқ орнына қайта қозғалып, жылжып кетіпті.

2005 жылы тоғызыншы мамыр қарсаңында ер адамның оң жақ білегінің ортаңғы бөлігінде ісік пайда болған.

Аудандық бас дәрігердің орынбасары, хирург Мұхтар Елеусінов жергілікті анестезия арқылы ісікті кесіп көрген кезде оқты анықтаған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1767378-aktbede-sogys-ardagerini-denesinde-63-zyl-bojy-trgan-ok-tabyldy/

pixel