Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Назарбаева байқауда жеңіске жеткен балақайды құшақтап алды

Опубликовано:

Астанада "Бала дауысы" ұлттық балалар ән байқауы үшінші кезеңінің Гала-концерті өтті. Алты айда жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен 3756 балақай іріктеу сынында бақ сынаса, ақтық бөлімде өнер көрсетуге 19 бүлдіршін ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: "Жандану" қоры
Фото: "Жандану" қоры: Facebook

Бір ай бойы телекөрермендер байқаудың қызықты әрі әсерлі сәттерін тамашалап, өздерінің авторлық әндерін, халық композиицияларын және заманауи әндер мен әлем хиттерін орындаған балаларға дауыс берді.

Марапаттау рәсімін ашқан Әлия Назарбаева Гала-концерттің қонақтарына өз ойын айтты.

"Біз қазір материалдық құндылықтарға басымдық берілген заманда өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті, мен бүгінде "Бала дауысы" сынды жобаларды қажет деп есептеймін. Біз мұнда өнер әлеміне, әдемілік пен шаттыққа көңіл бөлеміз. Құрметті үлкендер қауымы! Мен баршаңыздан өз балаларамызға қалдыратын мұралар туралы ойлануларыңызды сұраймын.
Мен төрт баланың анасы ретінде балаларым бейбіт елде, таза табиғатта, мейірімді адамдар көбейіп, рухани құндылықтар жанданған заманда өмір сүргенін қалаймын. Біз барлығымыз осы істі қолға алуымыз керек! Сол себепті, бірінші өзімізден бастауымыз керек", - деді Назарбаева.

Сондай-ақ, "Жандану" қорының құрылтайшысы өнерлі әрі талантты балалармен мақтанатынын айтап, оларды бір-бірін жақсы көруге, Отанын сүюге шақырды.

Фото: "Жандану" қоры
Фото: "Жандану" қоры: Instagram

Алты байқау бағдарламасы қорытындысы бойынша телекөрермендердің Халық сүйіктісі" сыйлығы Маңғыстау облысынан келген Дильназ Тілеповаға табысталды.

Бірінші екінші, үшінші орындар Мәулен Ахметқалиевке, Темірлан Осымқұловқа және Амина Жапарға бұйырса, үшінші кезеңнің бас жүлдесін Қостанай облысы Владимировка ауылының 10 жастағы тұрғыны Болатхан Исатай иеленді.

Фото: "Жандану" қоры
Фото: "Жандану" қоры: Facebook

Осылайша, Исатай Қазақ ұлттық өнер университетінің мамандандырылған мектебі грантын және париждік Диснейлендке баруға билет жеңіп алды.

Марапаттау соңында Әлия Назарбаева жеңімпазды құшақтап алып, өз тілектерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1767923-lia-nazarbaeva-bajkauda-zeiske-zetken-balakajdy-ksaktap-aldy/

pixel