Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір шаршы метрі 10 мың доллар: Астанадағы ең қымбат үйлерді кімдер сатып алады?

Опубликовано:

Астанада жыл санап тұрғын-үй кешендер саны артуда. Осыған орай, республиканың түкпір-түкпірінен келіп, түрлі санаттағы пәтерлерді сатып алушылар саны да ұлғайған. Елорданың элиталы үйлеріне сұраныс көп пе? Оларды еліміздің қай өңірінің тұрғындары жиі сатып алады? NUR.KZ тілшісі белгілі маманмен тілдесіп, Астанадағы ең қымбат баспананың бір шаршы метрінің құнын біліп қайтты.

Көрнекі фото: kipyat.com
Көрнекі фото: kipyat.com: Facebook

Елордалық мүлік агенттігінің коммерциялық директоры Әсем Ақанованың айтуынша, Астанадағы ең қымбат апартаменттің бір шаршы метрінің бағасы 10 мың долларды құрайды екен.

"Шаршы метрі қымбат апартаменттер "Ritz Karlton" және "Sant Regis-те" болып отыр және олар сатылымға сирек шығады. Олардың бір шаршы метр – 10 мың АҚШ долларын құрайды. Сосын "Байсанат" тұрғын-үй кешені, "Париж", "Милан" орамы және "Sultan" apartment, "Европа Паллас" тұрғын-үй кешендері ең қымбат болып саналады. Соңғы екі үйдің, тіпті, ремонты да қымбат", - деді маман.

Сонымен бірге мүлік агенттігі маманы еліміздің қай өңірінің халқы Астанадан жиі пәтер алатынын да айтты.

"Пәтер сатып алу жағынан Алматы қаласының тұрғындары көш бастап тұр және олар жай баспана емес, қымбат тұрғын-үйден пәтер алуға тырысады. Сонымен бірге бұл тізімде Шымкент, Атырау, Ақтау, Петропавл қаласының тұрғындары да бар. Жалпы халықтың көпшілігі Астанадан тым құрығанда бір пәтер алуға тырысады",-деді Әсем Ақанова.

Маманның айтуынша, пәтер алудан ауқатты адамдар алдарына жан салмайтын көрінеді. Олар бірден элиталық екі-үш пәтерді бір-ақ сатып алады екен.

"Қалталы адамдар бір уақытта бірнеше пәтер алады. Олар өздері, балалары және туған-туыстарына арнап сатып алып жатады. Олардың кейбірі пәтерді жалға берсе, енді бірі өздері кіріп жатады, ал кейбір пәтерлер тіпті қаңырап бос тұрады", - дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768542-bir-sarsy-metri-10-my-dollar-astanadagy-e-kymbat-jlerdi-kimder-satyp-alady/

pixel