Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана базарында етті құсқа жем қылған сатушыға айыппұл салынды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Астана қаласының базарында көгершіндер мен қарғалар сыртта тұрған етті шұқып отырған видео кеңінен таралуда деп хабарлайды NUR.KZ.

видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот: Facebook
"Көгершінді "қанатты егеуқұйрық" деп атауға болады, ол әртүрлі ауруларды тасымалдаушы. Мұнда қарға да бар екен", -дейді видеоны түсіріп тұрған адам.

Видео Facebook желісінде жылдам таралып, бұрынғы депутат Бақыт Сыздықова видеоны жариялап, астаналық базарларда тәртіпті жөнге келтіруді талап еткен.

Бірнеше сағаттан кейін депутат Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының жауабын жариялаған.

"Сатушыға 20 АЕК айыппұл салынды. Ет өнімі сатылымнан алынды. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес екенін тексеру үшін еттен үлгілер алынды. Демалыс аяқталғаннан кейін олар сараптамаға жіберіледі", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768895-astana-bazarynda-etti-kska-zem-kylgan-satusyga-ajyppl-salyndy/

pixel