Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жансая Мусина ақын қыздар арасынан алғаш болып "Алтын домбыраны" жеңіп алды

Опубликовано:

Елордамызда өткен астанамыздың 20 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне арналған VII "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысында Жансая Мусина бас жүлдеге ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: Azh.kz
фото: Azh.kz: Facebook

Екі күнге созылған айтысқа Ринат Заитов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Айбек Қалиев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Ершат Қайболдин сынды жиырма танымал ақындар қатысқан болатын.

Жетінші рет өткізіліп отырған ақындар аламанында қарсыластарын сөзбен сабап, көпшілік пен әділ-қазылардың жоғары бағасын алған батыс қазақстандық Жансая Мусина бас жүлдені жеңіп алып, 5 миллион теңгені қанжығасына байлады.
"Қымбатты бауырларым! Айтыстың шынайы жанкүйерлері! Ыстық ықыласқа толы құттықтауларыңызға рахмет!", - деп айтыскер ақын Instagram парақшасында көпшілікке алғысын білдірді.

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен айтыс астанамыздың 20 жылдығы мен Тәуелсіздік мерекесіне арналды.

Жайықтың Жансаясына есе жіберген Дидар Қамиев 1 орынды місе тұтып, 3 миллион теңгеге ие болды.

Ал жүлделі екінші орынға Еркебұлан Қайназаров пен Мейірбек Сұлтанхан лайық деп танылып, 1 миллион теңге сыйақы жеңіп алды.

Үшінші орынға Ринат Заитов, Мақсат Ақанов, Рүстем Қайыртайұлы ие болып, 700 мың теңгеге кенелді.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Алтын домбыраны" Балғынбек Имашев, Мұхтар Ниязов, Жандарбек Бұлғақов, Аспанбек Шұғатаев сынды айтыстың ақтаңгерлері ұтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769139-zansaa-musina-akyn-kyzdar-arasynan-algas-bolyp-altyn-dombyrany-zeip-aldy/

pixel