Шетел асқан алматылық әйел қалай секс-құлдыққа түскенін айтып берді
Жарияланған күні:
Жұбайымен ажырасып, жалғызбасты ана атанған 32 жастағы келіншек шетелге аттанып, қалай секс-құлдыққа түскенін айтып берді. Екі жылдың ішінде өмірінің астаң-кестеңі шыққан әйел өз әңгімесін pandaland.kz сайтына баяндаған деп жазады NUR.KZ.
Алматының арпалыс өмірінен, материалдың жағдайдың жетіспеушілігінен әбден мезі болған келіншек шетел асып кетуге қалай бел буғанын баяндап берді.
"Соңғы екі жылда басымнан өткен жағдайдан соң аты-жөнімді айта алмаймын. Барлығы 2016 жылы басталды. 30 жасымда менің ұлым ғана болды. Алматыда ай сайын тапқан 200 мың теңгем ата-анам мен балама көмек материалдық көмек беруден, пәтер жалдаудан, тамағымнан артылған жоқ", - деді ол.
Бір күні ақшаның соңында жүріп әбден шаршаған әйел Алина (есімі өзгертілген) есімді құрбысымен тамақтануға барады. Сол күні құрбысының телефонына қоңырау келіп, жұмысқа шақыру туралы хабар түсіпті.
Артынша Алина бірден елдегі еркектерден де, жұмыстан да шаршағанын, енді Біріккен Араб Әмірліктерінде орысша білгені және тоңдарды сатқаны үшін айына екі мың доллар ақша беретін жұмыстың табылғанын айтады.
Осылайша, ол өз құрбысын да көндіріп, екеуі бірге Біріккен Араб Әмірліктеріне де аттанып кетіпті.
"Бізге Мира (жұмыс беруші) медициналық сақтандыру туралы ештеңе айтпады, ол бірінші кездесуде-ақ көп жұмыс істеу керектігін, клиенттерге күлу қажеттігін, ал демалыс күндері өз бөлмемізде жатуымыз керек екенін айтты. Ал үйге жылына екі рет жіберетіндерін ескертті. Мен кетер кезде ата-анаммен, баламмен қоштастым. Олар менің ақша тауып, отбасымның жағдайын көтеретініме қатты қуанды", - деді келіншек.
Алайда әйел араб жеріне барғанда-ақ өзін жайсыз сезінгенін айтады.
"Мен онда барғанда ішімнен бір түрлі сезімде болдым. Бізді Мираның ағасы, таза қазақ жігіт күтіп алды. Ол бізді тоң сатушыларды жатқызатын қарапайым бөлмеге емес, керемет қонақүйге апарды. Артынша жұмысқа қатысты деп, құжатымызды сұрап алып кетті. Біз қатты шаршағандықтан ұйықтап қалдық. Көзімізді ашсақ, сыртымыздан кілттеп тастаған екен", - дейді ол.
Осы күннен бастап келіншектің өмірі тозаққа айналған екен. Ол бір жыл бойы бой бермей қарсыласып, соққы жеп те жүрген көрінеді.
Ал 12 айдан соң амалы қалмаған әйелдер бұл жұмыстарына көндігіп, "жеңгетайлардан" соққы алуды да доғарыпты.
Осылайша, қазақстандық келіншектер басшыларынан жасырып, клиенттерден ақша алып отырған екен. Біраз уақыт көлемінде олар қажетті соманы жинап, Қазақстанға қашуды жоспарлапты. Абырой болғанда, елшіліктің көмегі арқылы әйелдер Қазақстанға оралуға мүмкіндік алған.
"Бірақ, біздің келгенімізді ешкім білмейді. Ата-анама қайта баруға ұяламын. Олар бізді із-түзсіз жоғалып кетті деп жүрген шығар. Менің үйге оралғаныма екі ай болды. Қазір бір тегін бағдарлама арқылы толық тексеруден өтіп, емделіп жатырмын. Психологпен де жұмыс істеудемін. Мен осыдан кейін дұрыс жұмыс істей де алмаймын, мені ешкім күйеуге де алмайды. Не істеуге болады? Әлі күнге дейін сол уақыттағы тозақтарым есімнен кетер емес", - деген әйел жазбасында.
Күнкөріс үшін шетел асып кеткен қазақстандық келіншек жас қыздарға өз қателігін қайталамауға кеңес берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769221-setel-askan-almatylyk-jel-kalaj-seks-kldykka-tskenin-ajtyp-berdi/