ІІМ полицейлердің жаңа киім үлгісін көрсетті (фото)
Опубликовано:
Ішкі істер министрлігінің ресми Instagram парақшасында Қазақстан полиция қызметкерлерінің жаңа киім үлгісінің жобасы жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.
Жарияланған киім үлгілері бекітілмеген жоба екенін айтылған. Нысанды киім соңғы рет 2005 жылы өзгертілген екен. Ведомство бүгінгі таңда ол заманауи талаптарға сай келмейтінін мәлімдеген.
![Фото:instagram.com/mvd.kaz Фото:instagram.com/mvd.kaz](https://cdn.nur.kz/images/1120/92a0022cbdf523ff.jpeg)
Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар - оның қолайлылығы, тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы екен.
![Фото:instagram.com/mvd.kaz Фото:instagram.com/mvd.kaz](https://cdn.nur.kz/images/1120/08c7852ffc331894.jpeg)
Министрліктің айтуынша, киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат жұмсалмайды. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.
![Фото:instagram.com/mvd.kaz Фото:instagram.com/mvd.kaz](https://cdn.nur.kz/images/1120/e41c07e4d5b7c788.jpeg)
Министрлік азаматтардың полицейлердің нысанды киімінің жаңа үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуларын өтінген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769262-iim-policejlerdi-zaa-kiim-lgisin-krsetti-foto/