Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік жеткіншек қарызын қайтармаған танысының скутерін ұрлап кетті

Опубликовано:

Шымкенттік полицейлер қарызын қайтармаған танысының скутерін мініп кеткен ұрыны ұстады деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: bikepost.ru
Көрнекі фото: bikepost.ru: Depositphotos

Оқиға демалыс күні орын алған. Жеткіншек үйдің ауласына білдірмей кіріп, сарайда тұрған скутерді алып кеткен. Бұл жағдайды көліктің иесі полиция қызметкерлеріне тез арада хабарлаған.

Тәртіп сақшылары ұрыны көп ұзамай құрықтапты. Құзырлы органның мәліметінше, жеткіншектің жасы 17-де.

Ал ұрының айтуынша, скутер қожайыны оған 17 500 теңге қарыз болған. Сол қарызын қайтармаған соң, скутерді рұқсатсыз мініп кеткен.

Скутер иесі болса, жеткіншекке қарыз емес екендігін мәлімдеді. Тіпті ұрыны бірінші рет көргенін баяндапты.

Жеткіншек пен көлік иесін полиция қызметкерлері Қаратау аудандық бөлімге алып кеткен.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769366-symkenttik-zetkinsek-karyzyn-kajtarmagan-tanysyny-skuterin-rlap-ketti/

pixel