Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түріңе сенбе": "Қалаулымға" келген бойжеткен жас жігітті ұятқа қалдырды (видео)

Опубликовано:

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасында тағы да шу шықты. Желіде бағдарламаға үміткер ретінде келген Зарина есімді бойжеткеннің бағдарлама қатысушысын ұятқа қалдырған сәті тарап кетті деп жазады NUR.KZ.

Скриншот бағдарламадан алынды
Скриншот бағдарламадан алынды: Facebook
Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болған видеода Зарина есімді бойжеткеннің: "Көңілшек адаммын. Сол себепті ойымды дұрыс жеткізе алмай тұрмын. Бірақ өтініш, менменсіне бермеші. Сен түріңмен, кәсібіңмен мақтанасың ба? Қабірде құрт жейтін түрді міндетсінбеу керек қой", - деген сәтін анық естуге болады.

Аталмыш видео әсіресе желі қолданушыларының қызу талқысын түскен. Олардың бірі үміткер ретінде келген бойжеткеннің сөзіне дән риза екендіктерін жеткізсе, енді бірі "Қызға бұлай айту жараспайды екен", "Ұят болды" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769442-trie-senbe-kalaulymga-kelgen-bojzetken-zas-zigitti-atka-kaldyrdy-video/

pixel