Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келесі жылдан бастап бір көлікке екі төлқұжат берілмек

Опубликовано:

Келесі жылы қазақстандық көлік жүргізушілерге жаңа үлгідегі техпаспорт пен көліктің электронды төлқұжатын беру жоспарлануда. Бұл құжаттардың айырмашылығы мен рәсімдеу процедурасы жайлы "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Костанай ТВ/Колёса
Фото:Костанай ТВ/Колёса: Facebook

Жаңа үлгідегі техпаспорт немесе көлікті тіргеу туралы куәлікті қазақстандықтар 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қолға алады.

Көліктің электронды паспорты тек жоба күйінде тұр.

Бастапқыда бұл құжат 2019 жылдың бірінші шілдесінен бастап беріледі деп хабарланған, алайда ресми бұйрықтарда келесі жылдың қараша айы деген мерзім көрсетілген. Бәрі жоспардағыдай болса, сол мерзімнен бастап көлік жүргузішілері бұл құжатты рәсімдей алатын болады. Бірақ бұл тек көлікті қайта тіркеген жағдайда орындалады.

Жаңа техпаспорттар жайлы

2018 жылдың бірінші желтоқсанынан өз күшіне енген ІІМ-нің басшысының бұйрығы бойынша, жаңа үлгідегі техқұжаттың берілуі біртіндеп жүзеге асырыла бастайтыны айтылған.

Жобаның сынамалы түрі Астана мен Алматы қалаларында іске асырылуда. Ал келесі жылдың басынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асырылады.

Құжатты арнайы ХҚО-да немесе тіркеу-емтихан бөлімдерінен алуға болады.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянинаның айтуынша, жаңа құжатты енгізу жалған құжат жасау үрдісін жоққа шығаруға бағытталған.

Сонымен қатар пластикалық техпаспорт ұзақ қызмет етеді, ішіне чип орнатылған. Микросхеманың көмегімен көлік пен жүргізуші жайындағы негізгі ақпаратты алуға болады.

Ең бастысы жыл басынан бастап ХҚО жүгірудің қажеті жоқ. Ескі куәліктер бұрынғысынша іске жарамды.

Көліктің электронды паспорты жайында

ЕЭО елдері арасында ортақ көлік паспортын енгізу келісімі жасалған. Бұл 2019 жылдың қарашасынан бастап барлық мүше елдердің аумағында көліктердің ортақ электронды паспорт жүйесі іске қосылады деген сөз.

Демек мәселе тек Қазақстанға қатысты емес. Рәсімдеу біртіндеп бүкіл көліктерді қамтиды.

Бұл электронды құжатты өзіңмен алып жүрудің қажеті жоқ. Оны қағазға шығарып алуға болады.

Бүгінгі таңда көліктің паспортын рәсімдеумен қай ведомствоның айналысатыны әзірге белгісіз. Инвестициялау және даму министрлігінің айтуынша, мұнымен мемлекеттік қызметтер айналыспайды. Құжатты жаңа көлік болса өндіруші зауыт немесе аккредитацияланған органдар беретін болады.

Қалай болса да тізім келесі жылы инвестиция мен даму министрлігінің сайтында жарияланады.

Бұл құжаттарды ешкім тексермейді, олар көлікті тіркеу үшін ғана қажет.

Бұл құжаттардың айырмашылығы неде?

Техпаспорт көліктің тіркелгендігін растайды, ал көліктің паспорты оның шығарылуынан жойылуына дейін пайдаланылатын құжат. Көлікке қатысты бүкіл ақпарат сонда жазылады.

Электронды паспорттың басты мақсаты - көлікті ЕЭО елдері аумағында пайдалануға мүмкіндік беру. Сонымен қатар көлікті алған жаңа иелер ол туралы бүкіл ақпаратты алатын болады.

Электронды паспорттағы ақпарат ауқымды болады. Мысалы, онда техникалық сипаттамалар беріледі, көлік иесі туралы, жол-көлік оқиғасы туралы және тағы басқа қосымша ақпарат.

Материалдарды көшіру және пайдалану "Время" ЖШС басылымының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770045-kelesi-zyldan-bastap-bir-klikke-eki-tlkzat-berilmek/

pixel