Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ішімдік ішкен полиция қызметкері жол апатына себепші болды

Опубликовано:

Жамбыл облысында мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына себепші болған полиция қызметкеріне қатысты тексеріс жүріп жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр/КТК
Кадр/КТК: UGC

30 жастағы Шу аудандық учаскелік иснпектордың көмекшісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жол апатына себепші болған.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті аяғынан әрең тұрса да, қашып кетуге тырысқан. Бірақ аталған жағдайға қатысты ресми мәлемдеме жасалмады.

Оқиғаның бас қасында жүргендер мән-жайды камераға түсіріп алған. Видеодан күдіктінің балағат сөздер айтқанын естуге болады.

"Тойып алған ғой мынау", - деді куәгердің бірі.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гульсара Мұхтарқұлова аталған жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатқандығын, полиция қызметкерінің уақытша жұмыстан босағандығын жеткізді.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770128-zambyl-oblysynda-isimdik-isken-policia-kyzmetkeri-zol-apatyna-sebepsi-boldy/

pixel