Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасқырдың терісін 200 мың теңгеге сатқандар жұртты шошытты

Опубликовано:

Бүгінгі таңда қасқырдың мүшелері түрлі дерттерді емдеуге пайдаланылады. Дала тағысының азуынан бастап, майына дейін емдік қасиеттері бар. Ал оның нарықтағы бағасы күн санап артуда деп хабарлайды Замана басылымы.

rusvelikaia.ru
Көрнекі фото:rusvelikaia.ru: Facebook
Халық арасында қасқырдың азуы сұранысқа ие. Одан адамдар тұмар жасатады. Құны үш мыңнан бастап 10 мың теңгеге дейін жетеді. Білгіштердің айтуынша, мұндай тұмар таққан адамға тіл-көз тимейді. Ал өзі сұсты, мықты, ержүрек болады екен. Көз тиген нәрестені осындай тіс салынған суға жуындырса, бойы тазарып, жеңілдеп қалады екен.

Ал азуды бойтұмар немесе кілт салғыш ретінде зергерлерге арнайы жасатсаңыз, бағасы 40 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін екен.

Бөрінің тырнағынан жасалған тұмардың бағасы екі мың теңге көлемінде. Білетіндер онымен шаншу қадал­ған адамды емдеуге болады дейді. Сәбиді тіл-көзден қорғау үшін де осындай тұмар жасататындар бар екен.

Қасқырдың майы мың бір дертке дауа. Ол буын ісінуін басады. Тыныс жолы ауруларын емдейді. Тамақ қабынғанда, қолқаға суық тигенде, тіпті туберкулезді емдеуде пайдалы екен. Жеті жасқа дейінгі балаларға ішуге болмайды. Ересек адамның өзі күніне бір-екі қасықтан артық ішпегені абзал, себеб ол өкпені күйдіріп жіберуі мүмкін.

Осы шипалы майдың 150 – 200 граммы үш мың теңге тұрады екен.

Қасқыр майы денеге шыққан түрлі жаралардың тез бітіп кетуіне де пайдалы екен. Бірақ оны бірден қолдана салмай, алдымен ағзаға жағатын-жақпайтынын біліп алу керек. Ол үшін майды терінің нәзік жеріне аздап қана жағып қояды. Бір-екі сағаттың ішінде ешқандай жайсыздық сезілмесе, онда сізде қасқыр майына аллергия жоқ деген сөз.

Қасқыр майы бала көтере алмай жүрген әйелдерге де шипалы деседі. Жалпы, әйелдердің ғана емес, ерлердің де жыныстық ауруларына, қуық аумағы дерттеріне, бедеулік пен белсіздікке де емдік пайдасы бар.

Бөрінің бауырын езіп, оны денеге жақса, мастит ауруын емдейді.

Ал қасқырдың кептірілген өті 10 мың теңге тұрады. Оны суықтан, ауыр салмақтан болатын буын-омыртқа ауруларына, түрлі іш құрылысы дерттеріне қарсы қолданады. .

Базарда ұрғашы қасқырдың қынабы 10 мың теңге тұрады.

"Оны жол ашады, тіл-көзден, сиқырдан, бәле-жаладан қорғайды, отбасынан кеткен күйеуді қайтарады, бел қуатын арттырады, еркекті әйелге сүйкімді етеді", - деп білгіштероның қасиеттерін сипаттады.

Қасқырдың терісін де емге қолданатындар бар екен. Оның иленбеген терісі – 50 мың теңге, иленіп, ішік, тон, тұлып, аяқ киім тігуге жарайтындары 200 мың теңге тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770146-kaskyrdy-terisin-200-my-tegege-satkandar-zrtty-sosytty/

pixel