jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Денис Теннің өлімі: Адвокат қылмыстық оқиға тапсырыспен жасалғанын айтты

: Facebook

Бүгін Алматы қаласында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы басталды. Тен отбасының адвокаты бүкіл елді қан жылатып, жазда жасалған жантүршіктірер қылмыстың арнайы тапсырыспен жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы сот залынан NUR.KZ хабарлайды.

NUR.KZ
NUR.KZ: Facebook

Іс бойынша жәбірленуші болып спортшының анасы Оксана Тен тіркелген.

Сонымен қатар жәбірленуші тараптың адвокатының қосымша тергеу жүргізілуін талап еткені белгілі болды.

"Қосымша тергеу жүргізуге өтініш білдірдік. Заң бұзушылықтар шағымдарда көрсетілген. Қылмыстық-процестік кодекстің 320 бабының үшінші тармағына жүгінгім келеді. Заң бұзушылыққа жол берілген жағдайда сот істі прокуратураға жөнелтуі тиіс. Дәлелдердің барлығы өтініште көрсетілген.
39 томды қамтыған іс материалдарымен танысу барысында, жалпы саны 14 үйлеспеушілікті анықтадық, олар мұның тапсырыс бойынша жасалған қылмыс екенін көрсетеді. Көмекшілер мен арандатушыларды жауапқа тарту керек. Оксана Алексеевна қосымша тергеу тағайындау немесе бөлек өндіріске шығару өтінішімен келіседі. Біз келтіріп отырған дәлелдерге көңіл бөлінбей отыр", - деді адвокат.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот басталған болатын.

Денис Теннің өлімі: Адвокат қылмыстық оқиға тапсырыспен жасалғанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.