Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің өліміне күдіктілер "Шаңырақта" пәтер жалдап тұрған

Опубликовано:

Денис Теннің өліміне күдікті ретінде қамауға алынған Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева жайлы тың ақпараттар мәлім болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен. Фото:Хабар 24
Денис Тен. Фото:Хабар 24: Instagram
Спортшының өліміне басты күдіктінің бірі Нұралы Қиясов 1994 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген. Жас жігіт кәсіптік лицейде дәнекерлеуші мамандығын алған. Осы уақытқа дейін сотты болмаған. Шаңырақ көтермеген. Алматы қаласында аға-жеңгесінің қолында тұрған.
Ал Арман Құдайбергенов Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Арнайы кәсіптік білімі жоқ. 2013 жылы 178 баптың II тармағымен сотты болып, бір жыл бас бостандығынан айырылған. Алматыда Шаңырақ1, 2 ықшам аудандарында пәтер жалдап тұрған. Көлік жуу орталығында жұмыс істеген.
Денис Теннің өліміне үшінші күдікті ретінде танылған Жанар Толыбаева Үркімбайқызы 1995 жылы Өзбекстанда туылған. Тараз қаласындағы инновациялық оқу орнында бастауыш мұғалімі мамандығын алған.

Бұрын тұрмыста болып, ажырасқан. Төрт жасар бір ұлы мен ішінде жеті айлық сәбиі бар.

Айта кетейік, бүгін 25 желтоқсан күні Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды.

Спортшының адвокаты қылмыстың тапсырыспен жасалғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770180-denis-tenni-limine-kdiktiler-sayrakta-pter-zaldap-trgan/

pixel