Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда пойыз астына түскен азамат мүгедек болып қалды

Опубликовано:

Алматыда пойыз астына түсіп кеткен азамат мүгедек болып қалған. Дәрігерлер оның аяғына бір жарым сағат ота жасағанымен ақыры кесіп тастауға мәжбүр болыпты. Ал жүк тасымалдаушы компания өкілдері 36 жастағы азаматтың аяғы темір жолда жұлынып кеткеніне күмәнданып отыр. Себебі, машинист пойыз жолда ешкімді көрмеген екен деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Көрнекі фото: suedkurier.de
Көрнекі фото: suedkurier.de: Depositphotos

Аяғы балтырынан екігі бөлінген азамат 21 желтоқсан күні кешке ауруанаға жеткізілген. Оның шошып қалғаны соншалық, әлі күнге дейін оқиғаның мән-жайын айта алмай отыр екен. Ал дәрігерлер бір жарым сағат ота жасағанымен сүйретіліп барып, жұлынған аяқты кесуге мәжбүр болған.

36 жастағы ер адам аяғының жұлынғанына әлі күнге дейін сене алмай отыр. Оның аяқтарын әлі туған-туыстары да көрмепті. Зардап шегуші ауруханаға түскенде мас болмапты, оның қанынан да артық ештеңе табылмаған екен.

"Жедел жәрдем дәрігерлері мен полицейлердің, куәгерлердің айтуы бойынша жарақаттың сипаты бойынша темір жолдың астында қалғанға ұқсайды. Нық басып айтуға қиын", - дейді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ермек Желдібаев.

Дәрігерлер жігіттің вагон астына түсіп кеткен болуы мүмкін дейді. Алайда жүк тасымалдаушы пойыздың иелері мұндай жағдайдың орын алуы мүмкін емес екенін айтады.

Олар машинист әлдекімді көрген жағдайда, бірден пойызды тоқтататынын алға тартады. Оның үстіне, темір жолдың айналасы қан болғанымен пойызда бірде-бір дақ та байқалмапты.

"Бізге қоңырау 22:30-да келіп түсті. Барлық жұмысшыларымызға естірттік. Онда полиция өкілдері мен жедел жәрдем қызметкері болды. Оқиға орнында қан іздерін көрдік. Бірақ, тепловозда мүлдем қан жоқ. Машинистіміз де жолда ешкім болмағанына сенімді", - дейді "Жолашар Сервис" ЖШС бас инженері Айдос Тәңірбергенов.

Қазір істің мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770190-almatyda-pojyz-astyna-tsken-azamat-mgedek-bolyp-kaldy/

pixel