Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 22 жастағы жігітті пәтерге қамап, қысым көрсеткен

Опубликовано:

Шымкентте ер адам жалдамалы пəтерлердің бірінде 22 жастағы жігіт жəбірленуші жігітке күш көрсетіп ашықтан - ашық заттарын алып қойған. Сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, осындай əрекетке барған күдікті қолға түсті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото:for.kg
Фото:for.kg: Instagram

Шымкенттің тəртіп сақшылары күдіктіні оқиғаның ертесіне - ақ қолға түсірген. Ол 1996 жылы туған Түркістан облысы Ордабасы ауданының тумасы болып шыққан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қылмыстық кодекстің 191 бабы, 3-бөлігі, 1,3 тармақтарымен айып тағылып, уақытша ұстау абақтысына жабылған.

"Тергеп-тексеру органымен Ққылмыстық кодекстің 191 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақтарымен күдіктелген азаматқа бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі санкция берілді", - деп хабарлайды Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770304-symkentte-22-zastagy-zigitti-pterge-kamap-kysym-krsetken/

pixel